Ардагерлерге көмек көрсетті

10.09.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Оның аясында жамбылдық рухтастар 83 жастағы жалғызілікті зейнеткер Мария Вареецованың үйіне барып, тұрмыстық жұмыстарға қолғабыс көрсетті. Жастар қарияның үй шаруасына көмектесіп, қажетті жұмыстарды атқарды.

Ізгілік пен қамқорлықты басты құндылық санайтын жастар үшін мұндай бастамалардың маңызы зор. Қарияларға көңіл бөліп, қолдау көрсе­ту – аға буынға деген құрметтің жар­қын көрінісі. «Ардагерлерді ардақта­йық» акциясы алда да жалғасын та­уып, мұқтаж жандарға көмек көрсе­туге бағытталған игі істер жүзеге асы­рыл­мақ.

Осындай іс-шара Қызылордада да көрініс тапты. Облыстық филиал жанындағы «Жастар Рухы» ЖҚ бел­сенділері қала тұрғыны, жалғызбасты қария Нағима Жұманазарованың шаңырағына барып, көмек-қолдау көрсетті. Жастар ардагердің ауласында­ғы қалың өскен шөпті тазалап, үй айналасын ретке келтірді. Сонымен қатар Нағима апайдың жағдайын біліп, көңілін аулап әңгіме-дүкен құрды. Ізгі іске ризашылығын білдірген ардагер жастарға ақ батасын беріп, алғысын жеткізді.

Бекбол АМАНГЕЛДІ

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью