Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
АҚШ-тың Даллас қаласында өткен ойында жеңімпаз команда сапынан Джовани Ло Чельсо, Лаутаро Мартинес (пенальтиден) және Лионель Месси мергендік танытты. Ал Иордания құрамасының жалғыз голын Мұса Әл-Тамари соқты.
Осы ойыннан кейін Лионель Мессидің 2026 жылғы әлем чемпионатындағы соққан голының саны алтыға жетті. Ол турнирдің үздік сұрмергені атанып тұр. Сонымен қатар, Месси әлем чемпионаттары тарихындағы голдарының санын 19-ға жеткізіп, осы көрсеткіш бойынша көш басындағы орнын нығайта түсті.
Аргентина құрамасы топтық кезеңдегі үш ойынның бәрінде жеңіске жетіп, 9 ұпаймен J тобында бірінші орын алды. Оңтүстік америкалықтар 1/16 финалда Кабо-Верде құрамасымен кездеседі. Матч 4 шілде күні Майамиде өтеді.
Ал Иордания құрамасы үш кездесуде де ұпай жинай алмай, топ соңында қалып, турнирдегі өнерін аяқтады.