Аргентинада ірі орман өрті тіркелді

09.01.2026

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Аргентинала да ірі орман өрттері тіркелді. Патагония аймағында қызыл жалын 2 мың гектар аумаққа жайылып үлгерген.

Өрт танымал туристік өңірлерге қауіп төндіріп 3 мыңнан аса саяхатшы эвакуацияланды. Қазір тілсіз жаумен күреске 350-ден астам адам жұмылдырылған. Сондай-ақ арнайы техникалар, тікұшақтар және су шашатын ұшақтар тартылған. Алайда жел өртті сөндіруді қиындатып отыр. Жағдайға байланысты Аргентинаның сегіз провинциясында қауіптің ең жоғары деңгейі жарияланған. Билік тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью