Археологтар Қазақстанның оңтүстігінен ежелгі өркениеттің бірегей артефактілерін тапты

25.06.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті археология орталығының экспедициясы Күлтөбе қалашығы мен Қылышжар қорымындағы зерттеулерінің кезекті кезеңін аяқтады. Биылғы далалық маусым ғалымдар үшін көне жазу үлгілерінен бастап, сирек кездесетін жерлеу салтының бұйымдарына дейінгі бірқатар бірегей олжа сыйлады, деп хабарлайды Tengri Life тілшісі Otyrar.kz арнасына сілтеме жасап.

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті археология орталығының экспедициясы Күлтөбе қалашығы мен Қылышжар қорымындағы зерттеулерінің кезекті кезеңін аяқтады. Биылғы далалық маусым ғалымдар үшін көне жазу үлгілерінен бастап, сирек кездесетін жерлеу салтының бұйымдарына дейінгі бірқатар бірегей олжа сыйлады, деп хабарлайды Tengri Life тілшісі Otyrar.kz арнасына сілтеме жасап.

Аталған артефактілер Қаңлы мемлекеті туралы түсінікті кеңейтіп қана қоймай, Қазақстанның оңтүстігінде өмір сүрген өркениеттің жоғары даму деңгейін де айғақтайды.

Күлтөбе қалашығынан керамика мен күйдірілген кірпіш араласқан ірі платформалық құрылым табылды. Әсіресе, тікбұрышты және трапеция тәрізді кірпіштер ерекше қызығушылық тудырып отыр, олардың кейбірінде көне жазулар сақталған. Мәтіндердің бір бөлігі оқылды. Мәселен, олардың бірінде көшпелілер жерінде қаланың негізі қалануына байланысты маңызды геосаяси оқиға туралы баяндалады.

Зерттеушілер алғаш рет "шатыр адамдары" деген этникалық атауды кездестірді. Мамандардың пікірінше, бұл атау Қаңлы мемлекетінің құрамына кірген көшпелі тайпаларға қатысты қолданылған.

"Бірден 14 фрагмент табудың сәті түсті, оның ішінде бір мәтін толық дерлік, екеуі өте маңызды ақпаратқа ие. Бұл лингвистикалық тұрғыдан алғанда көлемі жағынан ең салмақты ақпараттардың бірі деуге болады. Егер осы жылға дейін бізде 80 жолға жуық 1640-1650 таңба болса, қазір соған тағы 300-400 таңба мен 15-тей жол қосылды", - деді университет профессоры Александр Подушкин.

Мәтіндерді көбейту үшін өзіндік матрицаның қолданылғанын айғақтайтын іздердің табылуы да маңызды жаңалық болды. Зерттеушілер жазуы бар тікбұрышты қалыптың көмегімен жасалған таңбаны анықтады.

"Мұндай тәсілдің ежелгі аналогтары Ассирия мемлекетінде кездеседі. Онда Ашшурбанипал патша жазба құжаттардың көшірмелерін жасатып, оларды өзіне бағынышты аймақтарға жан-жаққа таратқан", - деп түсіндірді А. Подушкин.

Телеарна мәліметінше, Қылышжар қорымында да зерттеу жұмыстары жалғасып жатыр. Мұнда археологтар студенттермен бірге төрт жерлеу құрылымын ашты. Оның екеуі ерте заманда-ақ толығымен тоналып кеткен болып шықты. Алайда қалған зираттарда маңызды этникалық және хронологиялық қорытынды жасауға мүмкіндік беретін артефактілер сақталған.

"Сол заманда өмір сүрген 18-20 жастағы әйел адамның мүрдесімен бірге керамика, пышақ және құрбандық еті табылды. Сондай-ақ алтын жалатылған гагаттан жасалған алқа болған деп болжап отырмыз", - деді университет студенті Мұхамедәлі Әлкен.

Табылған моншақтар қабір камерасының әр жерінде шашылып жатқан. Бұл олардың жерлеу саванына тігілгенін меңзейді. Дәстүр бойынша қайтыс болған адамды жерлемес бұрын матаға ораған. Сонымен қатар қабірден кішкентай пышақ пен екі керамикалық ыдыс табылды.

"Біз Қаңлы мемлекетінің материалдық және рухани мәдениеті өте жоғары деңгейде болғанына тағы бір мәрте көз жеткіздік. Бұл артефактілерді әртүрлі этностар қалдырған. Ал мына алдарыңызда тұрған жазуға келер болсақ, бұл - адамзаттың теңдессіз өркениеттік жетістігі екені даусыз", - деп атап өтті А. Подушкин.

Мұндай археологиялық жаңалықтар Қаңлы мемлекеті Ұлы Жібек жолындағы алғашқы ірі саяси бірлестіктердің бірі болғанының тағы бір дәлелі. Ол қала мәдениетінің, қолөнердің және рухани өмірдің жоғары дамуымен ерекшеленді. Бүгінгі табылған жәдігерлер Қазақстан тарихын тереңірек түсінуге көмектеседі және қазіргі қазақ халқының ата-бабаларынан қалған бай мұраны айғақтайды, делінген сюжетте.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью