Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Ыстамбұлда Қазақстан азаматының өлтірілуіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы оған мәжіліс кулуарында сұрақ қойылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр орынбасарының айтуынша, аталған дерек бойынша тергеу амалдарын Түркияның құқық қорғау органдары жүргізіп жатыр.
"Интерпол, СІМ және Бас прокуратура - біз әріптестерімізбен байланыстамыз, жағдайды бақылап отырмыз. Кінәлі тұлғалар жазасын алатынына сенімдіміз", - деді ол.
Еске сала кетейік, 6 сәуірде Түркияда көшеде Қазақстан азаматын атып кетті. БАҚ мәліметінше, полиция екі күдіктіні ұстады.