Армандар әлемі : Астанада Тілек ағашы орнатылды

15.03.2026

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Мейірімділік пен қайырымдылықты дәріптеуге бағытталған бұл ағаш бұтақтарына балалардың тілектері жазылған QR-кодтар ілінген. Оны сканерлеу арқылы кез келген адам Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында тәрбиеленіп жатқан балалардың тізімімен танысып, бір баланың арманын орындап, сыйлық сыйлай алады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, акцияның басты мақсаты – қоғамды өзара көмек пен қамқорлыққа шақыру.

– Мұндағы әрбір орындалған тілек балаға қуаныш сыйлап қана қоймай, оның жақсылыққа деген сенімін арттырады. Сондай-ақ, Цифрландыру жылы аясында жоба биыл жаңа форматта жүзеге асып жатр. Бұрын тілектер қағазға жазылып ілінсе, қазір олар заманға сай әзірленіп, QR-код арқылы ұсынылады. Осылайша қайырымдылыққа қатысуды барынша ыңғайлы әрі қолжетімді етті, - дейді ұйымдастырушы Есіл ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Құралай Серікқызы.

Осыған дейін елордада қазақтың байырғы өмір салтын көрсететін көрме ашылғанын хабарлағанбыз. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью