Арманым жоқ деп айтпау керегін түсіндім : Айгүл Иманбаева жан сырын ақтарды

09.07.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Әнші, актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі парақшасында әкесі туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz. 

Өнер иесі әкесімен ұзақ уақыт араласпағанына өкініш білдірді. Айтуынша, араға 40 жыл салып әкесімен қайта қауышқанын және содан көп ұзамай әкесінен айырылғанын жеткізді.

«Араға 40 жыл салып, әкеммен қайта табысқан едім. Сонда әкем «Екінші жолдасынан туған қызымды өз үйіріне қостым, енді бұл дүниеде арманым жоқ» деген еді. Содан кейін араға 3 ай салып, дүниеден озды... Адам баласының «арманым жоқ» деп айтпауы керектігін сонда ғана түсіндім. Ешқашан армандаудан шаршамаңыздар, армандарыңыз асқақ болсын», - деді ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью