Армения көршілес елдермен шекараны делимитациялауды аяқтауды жоспарлап отыр

27.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Бұл жөнінде Ұлттық қауіпсіздік қызметінің Шекара әскерлері күніне орай Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян мәлімдеді.

— Бүгінде сіздердің қызметтеріңіз Армения Республикасының тарихындағы ерекше кезеңде өтіп жатыр. Тәуелсіздік алғаннан бері алғаш рет елдегі барлық шекара бекеттері толық бақылауға алынып, онда Арменияның Шекара әскерлері қызмет атқарып жатыр. Тағы бір маңызды жаңалық — екі жылдан бері Армения мен Әзербайжан шекарасында ұзындығы 12 шақырым болатын делимитацияланған және демаркацияланған бөлік бар. Бұл аумақта да қызметті Арменияның Шекара әскерлері атқарады. Бұны да ерекше атап өту керек. Сонымен қатар, дәл осы 12 шақырым Армения мен Әзербайжан арасындағы екі елдің қарулы күштері бронежилетсіз қызмет ететін жалғыз шекара бөлігі. Олардың автоматтары оқталмаған, өйткені оқтар сөмкелерінде сақталады, — деді Пашинян.

Премьер-министрдің айтуынша, бұл Армения мен Әзербайжан үкіметтері мен шекара қызметтері арасындағы келісімнің нәтижесінде мүмкін болған.

— Бұл жағдай шекарашылардың бейбітшіліктің белгісі екенін көрсетеді. Әдетте шекарашылар тұрған жерде тұрақтылық сақталады. Біз Армения Республикасының барлық шекарасы шекара қызметінің жауапкершілігінде болуын қалаймыз. Біз осы бағытта жұмыс істеп келеміз. Жақын уақытта Армения мен Әзербайжан арасындағы шекараны делимитациялау процесін жалғастырып, оны қажет уақытында аяқтаймыз. Сонымен қатар Грузиямен шекараны делимитациялауды толық аяқтау мәселесі де күн тәртібінде тұр. Бұл бағытта грузиялық әріптестермен келісімге қол жеткіздік. Нәтижесінде Арменияның шекараларын делимитациялау мен демаркациялау толық аяқталып, мемлекет халықаралық деңгейде мойындалған аумағын дамытуға сенімді түрде ден қоя алады, — деді Никол Пашинян.

Бұған дейін Қазақстан үкіметі Армениямен әскери барлау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жобасын мақұлдағаны хабарланған еді.

Осыған дейін Әзербайжан мен Армения қақтығыс дәуірін аяқтау туралы шешім қабылдағаны туралы жазған едік.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью