Армения парламентінде Пашинян партиясының депутаттары мен оппозиция төбелесіп қалды

29.10.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Армения Ұлттық жиналысының (парламентінің) бүгінгі отырысы шиеленісті жағдайда өтіп жатыр. Парламент залында бір күн ішінде екінші рет биліктегі "Азаматтық келісім" партиясы мен оппозиция өкілдері арасында қақтығыс болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Panorama.am басылымына сілтеме жасап.

Биліктегі фракция депутаты Тарон Чахоян сөз сөйлеп жатқан кезде "Қуатты Армения" фракциясының жетекшісі Нарек Карапетян отырған орнынан сөз тастады. Парламент спикері Рубен Рубинян оған ескерту жасап, орнынан сөйлемеуді талап етті.

Осыдан кейін билік партиясы мен оппозиция депутаттары орындарынан тұрып кетті. Олардың арасында басталған кикілжің соңы төбелеске ұласты.

Рубинян бұл жағдайды жұрттың бәрі көруі үшін үзіліс жарияламайтынын мәлімдеді.

"Не болып жатқанын бәрі көрсін деп әдейі үзіліс жарияламай отырмын. Үзіліс болмайды. Төбелес бола ма, жоқ па, шешіп алыңыздар немесе тарап, орындарыңызға жайғасыңыздар", - деді парламент спикері.

News.am басылымының мәліметінше, армян депутаттары арасындағы төбелес парламент дәлізінде де жалғасқан. Қауіпсіздік қызметкерлері мен кейбір депутаттар төбелесіп жатқандарды ажыратуға тырысқанымен, оларды бірден тоқтату мүмкін болмаған.

Кейінге кезде Түркия парламентінде де мәселені жұдырықпен шешу жиілеп кетті. Мәселен, былтыр 2026 жылға арналған бюджетті бекіту рәсімі төбелеспен аяқталған. Онда Түркияның бірнеше партиясының депутаттары өзара жұдырықтасты. Ал биылғы жылдың басында Әділет министрлігіндегі даулы тағайындауға байланысты қақтығыс туындаған.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью