Армения премьер министрі Никол Пашинян үкіметтің отставкаға кеткенін мәлімдеді

02.08.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Армения үкіметі жексенбі күні ресми түрде отставкаға кетті. Бұл туралы премьер-министр Никол Пашинян видеоүндеуінде мәлімдеді.

Оның айтуынша, тоғызыншы шақырылымдағы Армения Ұлттық жиналысының алғашқы отырысы басталуына байланысты Конституцияның 158-бабына сәйкес үкімет толық құрамда отставкаға кетуге міндетті.

«Үкіметтің отставкасын қабылдау туралы өтінішке қол қойып, оны президенттің атына жолдадым», деді Пашинян.

Сонымен бірге ол жаңа үкімет құрылғанға дейін министрлер кабинеті өз міндеттерін атқара беретінін атап өтті.

Қазақстан – Армения: Сенім мен жауапкершілікке негізделген серіктестік

Пашинянның сөзінше, Конституцияның 149-бабына сәйкес Армения президенті парламенттегі көпшілік ұсынған кандидатты премьер-министр қызметіне дереу тағайындайды. Бұл кандидатураны парламенттегі көпшілік бүгін ұсынады.

14 маусымда жарияланған парламент сайлауының түпкілікті қорытындысына сәйкес, Пашинянның «Азаматтық келісім» партиясы сайлаушылардың 49,7%-дан астамының дауысын жинап, жаңа үкіметті өз бетінше құру мүмкіндігіне ие болды.

Арменияда парламент сайлауы басталды

Ал Самвел Карапетян жетекшілік ететін «Күшті Армения» партиясы шамамен 23,3%, ал Арменияның бұрынғы президенті Роберт Кочарян бастаған «Армения» блогы 9,9%-дан астам дауыс жинады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью