Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Пашинян, әсіресе, американдық Instagram желісіндегі жазбалары арқылы көп пайдаланушының назарын аударады. Оның Instagram парақшасында шамамен 670 мың оқырман бар. Премьер күнін дәстүрлі таңғы посттардан бастайды.
Таңғы жарияланымдарында Пашинян әртүрлі тілдерде музыка тыңдайды, ал видео соңында камераға «жүрек» белгісін жасап, «Мен сіздерді жақсы көремін» деген хабарламасын жеткізеді.
Премьер өз оқырмандарымен күнделікті өмірінен көп сәтті бөліседі: кейде барабан немесе пианинода ойнағанын, көңіл көтеретін жерлердегі видеоларын, сондай-ақ топ болып билеген сәттерін жариялайды.
Пашинян жиі жариялайтын жазбаларының бірі — велосипедпен әртүрлі қалаларды аралап жүріп көрген көріністерін көрсету. Ол бұл видеоларды Ереванда да, шетелге сапарлары кезінде де түсіріп, әлеуметтік желілерге салады.
Премьер-министр Тбилиси, Рим, Париж, Берлин, Мәскеу сияқты қалалардың көшелерінде велосипед тебіп, өз тәжірибесін және ой-пікірлерін әлеуметтік желі қолданушыларымен бөліседі.
Пашинянның киіну стилі де көпшіліктің назарын аударады. Соңғы уақытта ол жұмыс сапарлары кезінде де кейде джинс киіп жүріп, посттарына жүздеген пікір алады.
Соңғы жарияланымында Пашинян оқырмандарына «Қайырлы кеш» тілеп, танымал Pink Floyd музыкалық тобының дискін көрсетіп, «жүрек белгісін» жасады.
Сонымен қатар, ол парақшасында ресми кездесулері мен баяндамалары туралы ақпарат жариялап отырады.
Бұдан бұрын Никол Пашинян Астанада қазақша ән тыңдап отырған видеосын жариялағанын жазған едік.