Армения Қазақстанның су ресурстарын тиімді басқару бағытындағы бастамаларын қолдайды

22.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

– Астанадағы экологиялық саммитке қатысу – мәртебе. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Қазақстан Үкіметі мен халқына осы дәстүрлі әрі маңызды іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін шын жүректен алғыс айтамын. Қазақстанның аймақтық және жаһандық экологиялық мәселелерді шешу үшін халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға деген талпынысын жоғары бағалаймыз, - деді ол. 

Армения президентінің сөзінше, бұл форум үкіметтерді, ғылыми қауымдастықты, азаматтық қоғамды ортақ мақсатқа біріктіреді. 

Сондай-ақ Арменияда қазірдің өзінде жаһандық жылынудың салдары байқалады. 

– Кейінгі ондаған жылда әлемдегі газ шығарындыларының 0,02%-ы ғана біздің елімізге тиесілі. Соған қарамастан, Арменияда ауа температурасы 1 градусқа жылыды. Бұл мұздықтардың еруі, су ресурстарының азаюы т.б. экологиялық мәселелерді туындатып жатыр. Салдарынан ауыл шаруашылығына зақым келеді, жалпы халық тұрмысына кері әсер етеді, - деді ол. 

Ваагн Хачатрянның айтуынша, Армения Қазақстанның су ресурстарын тиімді басқару бағытындағы бастамаларын қолдайды. Алдағы уақытта аталған мемлекет мұндай жиындарға белсенді қатысуға дайын.

Айта кетейік, бұған дейін экология Орталық Азияны біріктіретін фактор екенін жазғанбыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью