Армениядан келген бақылаушылар Қазақстандағы сайлау барысын жоғары бағалады

23.08.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Армения Орталық сайлау комиссия делегациясы Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының ресми шақыруымен дауыс беру басталардан бір күн бұрын елімізге келген. Эрмине Арутюнянның айтуынша, сапардың алғашқы сағаттарынан бастап халықаралық сарапшыларға сайлауға дайындық барысымен танысуға және сайлау учаскелерін аралауға мүмкіндік берілген.

«Біз дауыс беруге бір күн қалғанда келдік. Кеше Орталық сайлау комиссиясының жұмысымен танысуға мүмкіндік алдық. Орталық сайлау комиссиясы атқарып жатқан жұмыстың ауқымы бізге ерекше әсер етті», – деді спикер.

Ол Қазақстанға бұл алғашқы сапары емес екенін атап өтті. Халықаралық байқаушылар Қазақстанда атқарылған ауқымды жұмысқа ерекше назар аударған. Олардың айтуынша, сайлау инфрақұрылымы жоғары деңгейде әзірленген. Барлық рәсім қолданыстағы заңнаманың қатаң талаптарына сай әрі нақты жолға қойылған. Бұл сайлаудың барлық кезеңіндегі барынша ашықтықты қамтамасыз етеді.

«Дауыс беру күні азаматтардың белсенділігі жоғары екенін көріп отырмыз. Демалыс күніне қарамастан, ел тұрғындары таңертеңнен бастап сайлау учаскелеріне белсенді түрде келіп жатыр. Дауыс беру барысы еш кедергісіз, бірқалыпты өтуде. Бұл әрбір сайлаушыға қолайлы жағдай жасалғанын көрсетеді», – деді Эрмине Арутюнян.

Ол сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күйдің орнағанын да атап өтті.

«Армения Республикасының жүз пайыздық пропорционалды сайлау жүйесіне негізделген парламенттік жүйе аясында көпжылдық тәжірибесі бар. Сондықтан Қазақстанда осыған ұқсас тетіктердің іс жүзінде қалай жүзеге асырылып жатқанын үлкен қызығушылықпен бақылап отырмыз. Қазіргі реформалар елдің алдағы саяси дамуының берік негізін қалайды», – деді Армения Республикасы Орталық сайлау комиссиясының халықаралық ынтымақтастық және қоғаммен байланыс басқармасының басшысы.

Халықаралық байқаушылардың жоғары бағасына ие болған негізгі бағыттардың бірі – Қазақстандағы сайлау үдерісінің цифрландырылу деңгейі. Сайлауға дайындық және оны өткізу барысында заманауи технологиялық шешімдердің, электронды сервистер мен инновациялық тәсілдердің қолданылуы жүйенің ашықтығы мен технологиялық тұрғыдан жетілгенін көрсетеді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью