Армениямен арадағы әуе қатынасы қайта ашылды

21.04.2026

Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Қазақстан мен Армения арасындағы әуе рейстері қайта ашылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан көлік министрлігіне сілтеме жасап.

18 сәуірде "SCAT" әуе компаниясы Boeing 737 типті әуе кемелерімен аптасына 2 рет (сейсенбі және сенбі күндері) "Ақтау – Ереван" бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындауды бастады.

Ал армениялық "SHIRAK AVI" әуе компаниясы 20 сәуірден бастап "Астана – Ереван" бағытымен аптасына 1 рет (дүйсенбі күндері) тұрақты рейстерді іске қосты. Жолаушылар тасымалы Boeing 737 типті әуе кемелерімен орындалады.

"Жаңа әуе рейстерінің ашылуы Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтіліп отыр", - делінген ресми хабарламада.

Айта кетері, бұған дейін Алматы әуежайынан Сеул мен Пусанға тікелей әуе рейстері қайта ашылған болатын.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью