Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Арменияның бұрынғы президенті Роберт Кочарян Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комитетіне жеткізілді. Кочарян мен оның ұлы, парламент депутаты Левон Кочарянның үйлерінде тінту жүріп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Таңертең "Армения" парламенттік фракциясының депутаты Месроп Манукян өзінің Facebook парақшасында әріптесі Левон Кочарянның үйіне тінту жүргізілгенін хабарлады.
"Таңғы сағат 07:00 шамасында құқық қорғау органдарының қызметкерлері парламент депутаты Левон Кочарянның үйіне басып кірді. Нұсқау тікелей парламент мінберінен берілді", - деп жазды Манукян видео жариялап.
News.am хабарлауынша, Арменияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комитеті Роберт және Левон Кочарянның үйлерінде тінту жүргізілгенін растады.
"Арменияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комитетінде тергеліп жатқан жемқорлық сипатындағы қылмыс деректері бойынша қылмыстық іс аясында бірнеше ондаған мекенжайда тінту және өзге де процесуалдық әрекеттер жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз", - деді комитеттің баспасөз хатшысы Марина Оганджанян.
Ведомство қылмыстық істің егжей-тегжейін нақтыламады. Қажет болған жағдайда қосымша ақпарат берілетіні айтылды.
Оқиға қарсаңында не болды?БАҚ мәліметінше, тінту жұмыстары мен Роберт Кочарянды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комитетіне жеткізу шаралары парламентте премьер-министр Никол Пашинян мен депутат Левон Кочарян арасындағы қатты сөзге келген жанжалдан кейін болған.
Күні кеше Пашинян "Армения" блогы депутатының сөзіне жауап бере отырып, Роберт Кочарянды жауапқа тартуға қол жеткізетінін мәлімдеген болатын.
Бұл ретте Yerevan Today басылымы бұған дейін өз дереккөздеріне сілтеме жасап, осы сөз таласынан кейін құқық қорғау органдарына Кочарянның отбасына қатысты іс-қимылдарды бастау туралы нұсқау берілгенін хабарлаған еді. Бұл байланыстың ресми растауы жоқ.
Роберт Кочарян туралы не белгілі№Роберт Кочарян 1998 жылғы наурызда Арменияның екінші президенті болып сайланды. 2003 жылы екінші мерзімге қайта сайланып, 2008 жылға дейін мемлекет басшысы қызметін атқарды.
Президент лауазымынан кеткеннен кейін Кочарян саяси қызметін жалғастырды. Қазіргі уақытта ол "Армения" оппозициялық блогының көшбасшысы.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу