Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Арменияның бұрынғы президенті Роберт Кочарян, оның ұлы және тағы төрт адам Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комитеті тергеп жатқан жемқорлық сипатындағы қылмыстар бойынша қылмыстық іс аясында ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
25 тамызда таңертең Роберт Кочарян Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комитетіне жеткізілді, ал экс-президент пен оның ұлының үйлерінде тінту жұмыстары жүргізілді. Комитет ондаған мекенжай бойынша тінту жүргізілгенін растады.
Кочарян не үшін күдікке ілінген?Тергеу мәліметтері бойынша, Армения президенті лауазымын атқарған Кочарян өзіне жақын тұлғалармен сөз байласып, қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып, бірқатар құнды нысандарды мемлекет меншігінен шығарып, оларды нарықтық бағадан әлдеқайда төмен бағамен иемденген деп айтылып жатыр.
NEWS.am басылымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комитетіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, тергеуде аталған эпизодтардың ішінде жер учаскелері, ғимараттар мен коммерциялық жылжымайтын мүлік бар. Атап айтқанда, 8,3 гектар жер учаскесі 44,6 миллион драмға (56 миллион теңгеден астам), ал "Каскад" ауданындағы тағы бір учаске 39,6 миллион драмға (48,9 миллион теңге) сатып алынған. Кейінірек нысандардың бірі 1,74 миллиард драмға (2,1 миллиард теңге) өзгенің пайдасына өткізілген.
Сондай-ақ тергеу мемлекеттік мүлікті иеліктен шығаруға жәрдемдескені үшін Кочарянға жалпы құны 2,63 миллиард драм (3,3 миллиард теңге) болатын 56 жылжымайтын мүлік нысаны берілгенін алға тартады.
Бұдан бөлек, 2001–2019 жылдар аралығында бұрынғы президенттің ұлының атына аударылған ақшалай қаражаттар тексеріліп жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комитеті мәліметінше, сөз шамамен 144 миллиард драм (181,4 миллиард теңге), 309 миллион доллар, 77 миллион еуро және 18 миллион рубль туралы болып отыр.
Ұстау алдында не болды?Бір күн бұрын Армения парламентінде премьер-министр Никол Пашинян мен Левон Кочарян арасында сөз таласы болған еді. БАҚ мәліметтері бойынша, Пашинян "Армения" блогының депутатына жауап бере отырып, Роберт Кочарянды жауапқа тартуға қол жеткізетінін мәлімдеген.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу