Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Салықтық және кедендік жеңілдіктер түріндегі ерекше құқықтық режимнің арқасында АЭА өңірлердің және жалпы еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға ықпал етіп отыр.
«QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды дамыту дирекциясының мәліметінше, қазіргі таңда республика бойынша 14 өңірде 17 АЭА жұмыс істейді. Өткен жылы үш жаңа АЭА құрылды. Олар – Атырау облысындағы «Атырау», Ақтөбе облысындағы «Ақтөбе» және Қызылорда облысындағы «Қорқыт Ата» аймақтары.
- Жаңа арнайы экономикалық аймақтардың құрылуы инвесторлар қызығушылығының артып келе жатқанын және мемлекет тарапынан өңірлерді дамытуға серпін беруге бағытталған жүйелі жұмыстың жалғасып келе жатқанын көрсетеді. Жалпы алғанда, АЭА аумақтарында 558 инвестициялық жоба іске асырылып, 10,8 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды және 41 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды, – деп хабарлады дирекция.
Аймақтардың мультипликативтік тиімділігі нақты көрсеткіштер арқылы айқын көрінеді: инфрақұрылымға салынған әрбір 1 теңге бюджет қаражатына өнеркәсіпке 8,8 теңге көлемінде жеке инвестиция тартылып, бюджетке 1,6 теңге салық түсімі қамтамасыз етілген. АЭА қатысушылары өндірген өнімнің жалпы көлемі 13,9 трлн теңгеге жетсе, экспорт көлемі 1 трлн теңгеден асты. Мемлекеттік бюджетке түскен салық түсімдері 799,7 млрд теңгені құрады.
Осыған дейін Қазақстанда АЭА-ларға жеңілдік жасау тетіктері өзгеретіні туралы жаздық.