Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
МКД ҚҚС бойынша жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимінен арнаулы салық режимдеріне көшу кезінде ескерілетін негізгі мәселелерді түсіндірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ҚҚС бойынша есептен қашан шығарылады?
Жаңа Салық кодексінің 103-бабына сәйкес ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығару тек мына жағдайларда жүзеге асырылады:
жалпыға бірдей белгіленген режимнен АСР-ге көшу; қызметін тоқтату немесе тарату.АСР-ге көшу кезінде:
Салық төлеуші қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламамен бір мезгілде ҚҚС бойынша таратушы (ликвидациялық) салық есептілігін ұсынады.
ҚҚС бойынша есептен шығару күні:
Есептен шығару АСР қолдану басталған күннен бастап жүргізіледі.
Жалпыға бірдей белгіленген режимді қолданатын салық төлеушілер үшін бұл күн — қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама берілген күн болып табылады.
Мысалы: Егер хабарлама 2026 жылғы 5 қаңтарда берілсе, онда:
ҚҚС бойынша есептен шығару күні — 2026 жылғы 5 қаңтар; ҚҚС бойынша таратушы есептілік 2026 жылдың 1 тоқсаны үшін тапсырылады.Тауар қалдықтары және ҚҚС
Бұрын ҚҚС есепке жатқызылған тауар қалдықтары салық салынатын айналым болып танылады; Айналым тауарлардың баланстық құны бойынша айқындалады (қайта бағалау мен құнсыздандыруды есепке алмағанда); Тауар қалдықтары бойынша Салық кодексінің 205-бабына сәйкес ҚҚС бойынша есептен шығару күніне дейінгі күнге салық тіркелімі жасалады; ҚҚС мөлшерлемесі айналым жасалған күніне қолданылады (ҚҚС бойынша есептен шығару күніне дейінгі күн).Маңызды: салық салу күні мен ҚҚС мөлшерлемесін айқындау кезінде АСР қолдану басталған күн шешуші мәнге ие.
Өтпелі ережелер (2026 жылға дейін АСР қолданғандар үшін).
Алдыңғы АСР-лердің (шаруа және фермер қожалықтарына арналған АСР-ді қоспағанда) қолданылуы тоқтатылуына байланысты мынадай өтпелі нормалар көзделген:
2026 жылғы 1 наурызға дейін хабарлама беріп, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа оңайлатылған декларация негізіндегі АСР-ге көшуге болады; ҚҚС бойынша есептен шығару — 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап; ҚҚС бойынша таратушы есептілік 2025 жылдың 4 тоқсаны үшін тапсырылады; Тауар қалдықтары 31.12.2025 жағдай бойынша айқындалып, 12% мөлшерлеме бойынша салық салынады.