Арқалықта бойжеткен мұздай суға түсіп кетті: құтқару сәті видеоға түсіп қалды

27.10.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Арқалықта полицейлер көпірден құлап, мұздай суға батқан кәмелетке толмаған қызды құтқарып қалды. Оқиға 27 қазанға қараған түні болған, ал құтқару сәті бейнежазбаға түсіп қалған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанай облысы Полиция департаментінің мәліметінше, полицияға қыздың анасы жүгінген. Ол қызының үйден шығып кетіп, қайтып оралмағанын хабарлаған.

Полицейлер іздеу жұмыстарын бастады. Жедел басқару орталығының камералары арқылы кәмелетке толмаған қыздың көпірде жүргені анықталды. Оқиға орнына патрульдік экипаж жіберілді.

Полицейлер мұздай суға түсті

"Оқиға орнына келген полицейлер қызды мұздай судан тауып, бірден құтқаруға кірісті. Тәртіп сақшылары трос қолданып, кейін кәмелетке толмаған қызды алып шығу үшін өздері де суға түсті. Полицейлердің батыл әрі жедел әрекетінің арқасында қыз құтқарылды", - деп хабарлады Қостанай облысының ПД.

Зардап шеккен қыз медициналық мекемеге жеткізіліп, оған қажетті көмек көрсетілді. Анасына оқиға туралы хабарланды. Материал кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлімшеге берілді.

Қостанай облысы Полиция департаменті ата-аналарды балаларының қайда жүргеніне және эмоционалдық жағдайына мұқият болуға, сондай-ақ оларға уақтылы қолдау көрсетуге шақырды.

Айта кетейік, Tengrinews.kz сайтында Tengri ADAM сыйлығының кейіпкерлеріне дауыс беру жүріп жатыр. 15 қарашаға дейін оқырмандар адамгершілік пен жанашырлықтың үлгісі болған игі істерді таңдайды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью