Арқалықта Ұлттық ұлан әскерилері 200 ден астам ауланы қардан тазалауға көмектесті

25.03.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АСТАНА, 25 наурыз – Sputnik. Қостанай облысы Арқалық қаласында ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері құтқарушылармен және азаматтық қорғау органдарының мамандарымен бірлесіп су тасқынына қарсы профилактикалық іс-шараларды жүргізуге жұмылдырылды.

Жұмыстар маусымдық жылыну және қардың еруі кезінде су басудың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған.

Қостанайда орналасқан 6697 әскери бөлімінің 70-ке жуық әскери қызметшісі жергілікті атқарушы органдар мен құтқару бөлімшелеріне көмек көрсету үшін Арқалыққа жіберілді.

"Қазіргі уақытта жеке құрам алдын алу шаралары кешенін жүзеге асырып жатыр. Әскери қызметшілер еріген су жиналуы ықтимал учаскелерге мониторинг жүргізеді, тәулік бойы кезекшілік атқарады, бұл жағдайдың өзгеруіне уақтылы ден қоюға мүмкіндік береді. Халыққа, ең алдымен тыл ардагерлеріне көмек көрсетуге ерекше көңіл бөлінеді", - дейді Ұлттық ұлан баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда 200-ден астам аула тазартылды, жұмыстар күшейтілген режимде жалғасып жатыр.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью