Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Жарыстың алғашқы күнінде Виктор Друзин Қазақстан ұлттық құрамасының қоржынына қола медаль салды. Ол техникалық соло бағдарламасында 232.5350 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды.
Сонымен қатар Алдияр Рамазанов төртінші орынға тұрақтады. Оған жүлдеге жетуге бір қадам ғана жетпеді.
Алтын медальді Ұлыбритания өкілі Ранджуо Томблин иеленді, оның ұпайы 245.6850 болды. Екінші орынға қытайлық Муе Го жайғасты, оның көрсеткіші 245.2684 ұпайды құрады.
Айта кетейік, жарыс 3 мамырға дейін жалғасады.
Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық ватерполшылар Азия жағажай ойындарының қола жүлдесін иеленгенін хабарлаған едік.