ArtSport бағдарламасы аясында 1,4 млн теңге жымқырған кәсіпкер сотталды

16.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

2023 жылғы мамыр айынан 2024 жылғы қыркүйек айына дейінгі кезеңде жеке кәсіпкер алты баланың сабақтарға қатысуын жалған көрсеткені, ал бұл балалардың іс жүзінде секцияларға бармағаны анықталды.

Азамат жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, «ArtSport» бағдарламасына қатысу құқығын алған және ваучерлік қаржыландыру арқылы сабаққа қатысу табельдерін және көрсетілген қызметтер актілерін жалған толтырған. Соның негізінде мемлекеттік бюджеттен оның есепшотына ақша қаражаттары аударылған.

Салдарынан мемлекетке 1,4 млн теңгеден астам мөлшерде залал келтірілді.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қалалық соттың үкімімен азаматша Н. бюджет қаражатын жымқырғаны үшін (ҚР ҚК 190-бабы) кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасына, сондай-ақ 3 жыл мерзімге материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айыруға сотталды. 

Айта кетелік үйірмелерге төлем жасау «әлеуметтік әмиян» арқылы жүзеге асырылатыны туралы жазған едік.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью