Артыма көз салсам, өкінетін дүние көп : Жүрсін Ерман ағынан жарылды

22.02.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Биыл ақын, журналист, айтыс өнерінің жанашыры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман 75 жасқа толды. Сөз өнерінің сардары елу жылдан астам уақыт бойы айтыс өнерінің жандануына өлшеусіз үлес қоса білді. Таяуда AIQYN тілшісі жетпістің бел ортасына келген қазақ руханиятының көрнекті өкілін мерейтойымен құттықтап, сүбелі сұхбат құрып қайтты 

Aiqyn тілшісі:  Жүрсін аға, бүгін жетпістің бел ортасына қадам басып отырсыз. Жарты ғасырдан астам уақытты артқа шегерген өмір жолыңызға қарап нендей баға берер едіңіз? 

– Аузынан түспейтін темекісі, 
Мен екенмін бүгінгі көне кісі.
Бір жанмын басқалардан бөлек ісі, 
Туған күнім ақпанның 12-сі... 

Артыма көз салсам, өкінетін дүние көп. «Әттеген-ай» дегізген сәттер де аз болған жоқ. Оның қай­сыбірін айтайын?! Бірақ пай­ғамбардың «Өткен іске өкінбе» деген хадисі бар. Сондықтан бар­лық жағдайға үмітпен қараған жөн. Мен мүмкіндігінше қолым­нан келгенін жасадым. Халыққа рухани азық сыйлау жолында ең­бек еттім. Сол үшін еш өкінбей­мін. Бір адамның ғұмырына же­тетін қуаныш пен қиындықты, бейнет пен бақытты қатар бастан кешіріп отырмын, - деп жауап берді ақын.

Сұхбаттың толық мәтінің мына сілтемеден оқи аласыз

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью