Артық салмаққа бірдей тариф: FlyArystan ға қатысты тергеу басталды

12.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы бойынша департамент басшысы Нұржан Нұрланұлы мәлімдеді. Оның айтуынша, өзге әуе компаниялардың тәжірибесі артық салмақты нақты мөлшеріне қарай саралап, төлемді соған сәйкес есептеуге болатынын көрсетіп отыр.

– Біздің пайымдауымызша, мұндай тәсілден бас тарту тұтынушылардың кейбірінің құқығына нұқсан келтіруі мүмкін, - деді Нұржан Нұрланұлы.

Оның сөзінше, бұған дейін әуе компаниясының атына бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілерінің бар екені туралы хабарлама жолданған. Алайда ол талаптар орындалмаған. Осыған байланысты қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданады.

Бұған дейін әуе компаниясы 2026 жылғы 1 наурыздан бастап жолаушыларға қол жүгін 5 келі орнына 7 келіге дейін алып жүруге рұқсат берілетінін хабарлаған еді.

Еске салайық, 2026 жылғы 24 қаңтарда FlyArystan ұшағы құстармен соқтығысып, тексеруден кейін қайта ұшқанын хабарлағанбыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью