Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 19 тамыз – Sputnik. Арыс гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің аумағында жарылыс болды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.
"19 тамызда сағат 19:00 шамасында әскери бөлім аумағында құрғақ шөп өртенді. Соның салдарынан бұған дейін жоюға дайындалған оқ-дәрі фрагменті жарылды", - деп жазылған хабарламада.
Зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ. Өрт ошағы оқшауланды, оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр.
Қорғаныс министрлігі азаматтарды әлеуметтік желіде таралып жатқан тексерілмеген ақпараттарға сенбеуге шақырды.