Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Lebo M деген атпен танымал Мораке — 1994 жылғы Disney мультфильмінің және оның 2019 жылғы ремейкінің басында орындалатын «Өмір шеңбері» («Circle of Life») әнінің кіріспесінің авторы әрі орындаушысы. Ән сөздері зулу тілінде жазылған және терең мәдени мағынаға ие: «Nants’ingonyama bagithi Baba» тіркесі ресми түрде «Даңқ патшаға, бәріміз патша алдында бас иеміз» деп аударылады.
Ал Джонаси подкасттарда және стендап қойылымдарында бұл тіркесті басқаша аударған — «Қараңдар, ана жерде арыстан. Ооо құдай-ай». Көрермендер күлкіге қарық болды, ал әзіл әлеуметтік желілерде тез тарап кетті. Мораке мұны әдейі бұрмалау деп санайды, өйткені африкалық тілдерде «арыстан» сөзі жиі «патша» немесе «көсем» ұғымының баламасы ретінде қолданылады, яғни, әнде нақты жануар емес, билік пен ұлылықтың символы ретінде патша меңзеледі. Ал комик болса, оны тура мағынасында — «ана жерде арыстан» деп аударған.
Талап-арыз Лос-Анджелестегі федералды сотқа берілді. Мораке вирусқа айналған әзіл өзінің беделіне нұқсан келтіріп, Disney компаниясымен қарым-қатынасына кері әсер еткенін және роялтиден түсетін табысынан айырғанын мәлімдеді. Өтемақы көлемі — 27 миллион доллар.
Өз кезегінде Джонаси Моракенің шығармашылығын құрметтейтінін айтып, бастапқыда онымен бірге түпнұсқа мәтіннің мағынасын түсіндіретін видео түсіргісі келгенін жеткізді. Алайда Мораке оны өз туған жерінен ұялады деп айыптаған соң, комик бірлескен жобадан бас тартқан.
Бұдан бұрын стенд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейде қамауға алынғанын жазғанбыз.