Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Фото: Видеодан алынған
Спортшының айтуынша, отбасында келіспеушілік болған, алайда ерлі-зайыптылар жағдайды талқылап, отбасын сақтап қалу туралы шешім қабылдаған.
«Біздің отбасымызға қатысты көптеген әңгімелер мен пікірлер айтылды. Сондықтан бұл үндеуді бірге жазуды жөн көрдік. Иә, арамызда отбасылық жанжал болды. Екеуіміз де қорытынды жасап, маңызды әңгіме жүргіздік және отбасымызды сақтап қалу туралы ортақ шешімге келдік», деді Теміртас Жүсіпов.
Боксшының жұбайы өз кезегінде арызды қайтарып алу және қылмыстық істі тоқтату туралы өтініш беру туралы шешімді өзі қабылдағанын айтты.
«Арызды қайтарып алу және қылмыстық істі тоқтату туралы өтініш беру шешімі өз еркіммен қабылданды. Маған ешқандай қысым көрсетілген жоқ. Пабликтер әкімшілігін, блогерлер мен БАҚ өкілдерін отбасымызға қатысты ақпараттарды таратуды тоқтатуға және жарияланымдарды өшіруге шақырамын», деді ол.
Теміртас Жүсіпов 8 рет Қазақстан чемпионатының «алтынын» иеленді
Айта кетейік, бұған дейін Айжан Жүсіпованың әпкесі қоғамнан қолдау сұрап, әлем және Азия чемпионы Теміртас Жүсіпов жұбайын өз пәтерінде соққыға жыққанын мәлімдеген болатын. Ол әйелдің ауыр жарақат алғанын, соның ішінде миына ісік түскенін айтқанымен, бұл мәліметті дәрігерлер растаған жоқ.
Елордада қоғамдық орында балағат сөздер айтқан спортшы жауапқа тартылды
Кейін аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Артынша Айжан Жүсіпова күйеуіне қатысты шара қолданбауды сұрап, қарсы өтініш жазған. Соған қарамастан полиция тергеу амалдарының жалғасып жатқанын хабарлады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов жол апатына кінәлі деп танылып ұсталған болатын. Сот шешімімен спортшы масаң күйде темір тұлпар тізгіндеп, жол апатын ұйымдастырғаны үшін 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылып, 20 тәулікке қамалды.