Арзан баға алаяқтардың тұзағы полиция ескерту жасады

25.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, соңғы уақытта өңірде алаяқтықтың жаңа тәсілі кеңінен таралып жатыр. Қаскөйлер сатып алушыларды шектен тыс арзан бағамен қызықтырып, уақыт тығыз деген сылтаумен тауарға алдын ала төлем жасауға итермелейді.

- Алайда ақша аударылған соң олар байланысқа шықпай, тапсырыс берілген тауар мүлде жеткізілмейді. Осыған байланысты азаматтарды барынша сақ болуға шақырамыз. Сатып алу кезінде тек қауіпсіз төлем әдістерін қолданыңыз. Банк картасының деректерін, SMS арқылы келетін құпия кодтарды бөгде адамдарға ешқашан бермеңіз, - делінген ақпаратта. 

Егер алаяққа алданып қалсаңыз, дереу «102» нөміріне хабарласыңыз.

Еске салсақ, осыған дейін алаяқтарға алданып, баспанасын сатқан 49 адамның екеуі ғана істі сотқа жеткізе алғаны хабарланған. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью