Qazaq24.com, 7kun.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Полиция интернетте тауарды «шұғыл сатамын» деп ұсынатын белгісіз сатушыларға сенбеуге шақырады.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, соңғы уақытта алаяқтар сатып алушыларды шектен тыс төмен бағамен және «соңғы баға», «қазір алып кетеді», «шұғыл сатамын» деген сөздер арқылы асықтырып, алдау әрекеттерін жиілеткен.
Полиция ескертуінше, кең таралған тәсілдердің бірі – шынайы емес тауардың фотосын, тіпті видеосын жіберу немесе хабарландыруға орналастыру.
Кейін қаскөйлер «басқа сатып алушы бар» деген сылтаумен алдын ала төлемді немесе толық соманы аударуды талап етеді.
Ақша түскен соң байланыс үзіледі: телефон өшіріледі, аккаунт жойылады, ал тауар жеткізілмейді.
Осыған байланысты полиция азаматтарды барынша сақ болуға үндейді және сатып алу кезінде тек қауіпсіз төлем тәсілдерін пайдалануға кеңес береді.
«Банк картасының деректерін, сондай-ақ SMS арқылы келетін құпия кодтарды бөгде адамдарға ешқашан бермеңіз.