Аса ірі мөлшердегі алаяқтық жасады деген күдікті Грузиядан экстрадицияланды

07.08.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігі Интерполының қызметкерлері Грузиядан аса ірі мөлшердегі алаяқтық жасады деген күдікпен Қазақстан Республикасының азаматын экстрадициялады,  – деп хабарлайды Aikyn.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол 2021 жылғы қаңтар мен 2022 жылғы ақпан аралығында Атырау қаласында Кипрдан пәтер сатып алуға жәрдем көрсетемін деген сылтаумен, бірнеше ақшалай аударым арқылы, Қазақстан Республикасының азаматшасының 100 миллион теңгеден астам ақшалай қаражатын алаяқтық жолмен жымқырып кеткен деп күдіктелуде.

2026 жылғы маусымда ол Грузия аумағында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды.

Оған тағылып отырған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью