Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
АСТАНА, 21 желтоқсан - Sputnik. Халық әртісі, қазақ және әлемдік театр мен кино өнерінің көрнекті өкілі Асанәлі Әшімов дүниеден озды.
Асанәлі Әшімұлы ұлттық руханияттың дамуына өлшеусіз үлес қосқан, қазақ театр және кино өнерінің биік кәсіби мектебін қалыптастырған дара тұлға.
"Оның сахна мен экранда жасаған көркем бейнелері, режиссерлік және педагогикалық қызметі отандық өнер тарихында айрықша орын алады", деп жазды Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Асанәлі Әшімов 1937 жылы 8 мамырда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жайылма ауылында дүниеге келді.
Көрнекті театр және кино актері, режиссер, өнер қайраткері, ұстаз, Қазақстан және КСРО халық әртісі, "Отан", "Құрмет", "Қазақстанның еңбек ері" орденінің иегері Асанәлі Әшімовтің өмірбаянын дерекқорымыздан оқи аласыз.