Асанәлі Әшімов қазақ киносын әлемдік деңгейге жеткізген актер

22.12.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Кеңестік және қазақстандық театр және кино актері, режиссер, Қазақстаның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов 88 жасында қайтыс болды.

Қаралы хабарды Мәдениет және ақпарат министрілігі растады. Дара тұлғаның театр сахнасындағы «Абай», «Еңлік-Кебек», «Қара қыпшақ Қобыланды», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» секілді көптеген пьесада сомдаған айшықты өнері халық жадында сақтаулы. Асанәлі Әшімов қазақ киносын әлемдік деңгейге көтерген актерлердің бірі. Ол «Қыз жібек», «Атаманның ақыры», «Транссібір экспресі» фильмдеріндегі ролі үшін көптеген халықаралық марапаттарды иеленді. Марқұм әр жылдары «Парасат», «Құрмет», «Достық» ордендерін иеленді. Әлемдік кинодағы зор үлесі үшін ЮНЕСКО халықаралық академиясының «Алтын Қыран» Орденімен марапатталған.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью