Әсел Қанай: Финалда сәттілік жетіспеді

22.09.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Каратэші Әсел Қанай Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Отандасымыз жарыстан кейінгі сезімін бөлісіп, алдағы мақсаты жайлы айтып берді.

"Бүгін сәл ғана сәттілік жетіспеді деп ойлаймын. Бағым мен бабым қатар шаппады. Қытайлық спортшының жолы болды. Финалдағы қарсыласыммен бұған дейін бірнеше рет кездескенбіз. Соңғы рет Азия чемпионатында оны жеңген едім. Сондықтан бір-бірімізді жақсы білеміз. Оның да бұл жарысқа тыңғылықты дайындалғаны көрініп тұр. Өзім жеңіске жететініме сенімді болдым. Бірақ өкінішке қарай, қолымнан келмеді. Алда Астанада Қазақстан чемпионаты өтеді. Ал келесі жылы әлем чемпионаты күтіп тұр. Енді сол жарыстарға дайындаламын", - деді спортшы.

ҚР ҰОК мәліметінше, Әсел Қанай финалда қытайлық Ли Гунға 8:2 есебімен жол берді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью