Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Асет Исенали Қазақстанның Корея Республикасындағы елшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Асет Исенали Қазақстанның Корея Республикасындағы елшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Ақорда ақпаратынга, Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
Асет Жеңісұлы Исенали Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды; Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, БҰҰ Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасының Мьянма Одағы Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.Сонымен қатар Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрғали Алмасбайұлы Арыстанов Қазақстанның Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Следите за нашими новостями в Google News
Подписаться