Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Аудан прокуратурасы мониторинг барысында мемлекеттік органның Кәсіпкерлік кодексінің талаптарын өрескел бұзғанын анықтады.
Атап айтқанда, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы "Ел-Дәулет" шаруа қожалығына тиесілі асхананы тексеріп, оның жұмысын тоқтата тұру туралы нұсқама шығарған.
Алайда басқарма бұл шешім туралы прокуратураға хабарламаған. Осылайша, ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 153-бабы 1-бөлігінің 1-1-тармағының талаптары бұзылған.
"Аталған заңбұзушылық үшін аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 666-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 432 500 теңге айыппұл салынды. Айыппұл өндіріп алынды", – делінген хабарламада.
Бұған дейін Павлодар облысының прокурорлары қылмыстық-атқару жүйесінде есепке жалған мәліметтер енгізілгенін анықтаған еді. Колониялардың бірінде сотталғандарды жұмыспен қамту көрсеткіштері жасанды түрде екі жарым есе ұлғайтылған.