Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің әлеуметтік сипатын күшейтіп, саясаттың өзегіне адамды қоя отырып, азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысу мүмкіндігін кеңейтеді, деп жазады Egemen.kz.
Фото: parlam.kz
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Ата заң жобасын қолдау жөніндегі ұстанымы мен дәйектерін Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Асхат Рахымжанов мәлімдеді.
Ол Конституция жобасы, ең алдымен әділдікке, теңдікке, құқықтарды қорғауға және мемлекеттің халық алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.
Сергей Пономарев: Жаңа Конституция Қазақстандағы қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтады
«Қоғамдық бірлестіктердің қызмет ету еркіндігін бекіту және азаматтардың қоғамдық өмірге қатысу аясын кеңейту – нағыз азаматтық қоғамды дамытуға жол ашады. Мұндай қоғамда кәсіподақтар, қоғамдық ұйымдар мен бастамашыл топтар еңбек адамдарының, жастардың және әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың мүдделерін еркін қорғай алады. Бұл тең мүмкіндіктер мен мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігі қағидаттарымен тікелей байланысты», деді ЖСДП төрағасы.
Сонымен қатар Асхат Рахымжанов осынау конституциялық нормалар адам мүддесіне бағдарланған орнықты саясаттың негізін қалыптастыру үшін маңызды екенін жеткізді.
Магеррам Магеррамов Конституция жобасын референдумға шығаруды ұсынды
«Мемлекеттік шешімдер қабылданғанда болашақ ұрпақтың мүддесі міндетті түрде ескерілуі керек. Әсіресе еңбек, жұмыспен қамту, экология және әлеуметтік қорғау салаларында бұл өте маңызды. Осыған байланысты ұсынылып отырған конституциялық нормалар тұрақты әрі адам мүддесін басты орынға қоятын саясаттың негізін қалыптастырады», деді комиссия мүшесі.
Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді және Конституциялық комиссия мүшесі – Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевты қабылдады. Қабылдауда Президент жақында республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді.
Соңғы жаңалықтар
Елімізде 490 мектеп директорының орны бос тұр
Білім • Бүгін, 17:55
«Атырау» футбол клубы алдағы ойындарын Түркістанда өткізеді
Футбол • Бүгін, 17:42
Биыл пітір садақа мөлшері қанша теңге?
Дін • Бүгін, 17:25
Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды
Оқиға • Бүгін, 17:15
Президент жақында республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қояды
Президент • Бүгін, 17:02
Қысқы Олимпиада: Үш могулшымыз финалға шықты
Спорт • Бүгін, 16:43
Сергей Пономарев: Жаңа Конституция Қазақстандағы қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтады
Ата заң • Бүгін, 16:37
Магеррам Магеррамов Конституция жобасын референдумға шығаруды ұсынды
Қоғам • Бүгін, 16:26
2026 жылғы Ораза кестесі жарияланды
Қоғам • Бүгін, 16:10
Бақыт Нұрмұханов: Жаңа Конституцияның жобасында өтпелі ережелер нақтыланды
Ата заң • Бүгін, 15:57
Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
Президент • Бүгін, 15:51
Шаңғы қоссайысы: Шыңғыс Ракпаров жарыс жолына шықты
Қысқы спорт • Бүгін, 15:45
Ассамблея жастары жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
Жастар • Бүгін, 15:33
Серік Егізбаев: Жаңа Конституция қоғам сұранысына жауап береді
Қысқы спорт • Бүгін, 15:23
Мектептерде смартфонсыз оқу мәдениеті қалыптасып келеді
Мектеп • Бүгін, 15:10