Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы жаңа Конституция жобасын талқылай отырып, реформаны тек заңнамалық өзгеріс емес, қоғам мен мемлекеттің өзара жауапкершілігін қайта айқындайтын шешім деп бағалады. Партия өкілдерінің айтуынша, заңдағы өзгерістер азаматтың құқығын қорғап, биліктің ашықтығын күшейту керек, деп жазады Egemen.kz.
Партия төрағасы Асхат Рақымжанов бұл талқының мәні мемлекеттің болашақ бағытына қатысты екенін айтты.
«Конституция – нормалар туралы әңгіме емес. Бұл – мемлекетті қалай елестетеміз, онда адамның орны қандай, қоғамдық келісім қандай құндылықтарға сүйенеді деген сауалдарға жауап іздеу», деді ол.
Оның айтуынша, конституциялық реформа мемлекет пен қоғамның кемелдігін көрсететін кезең. Мемлекет қалыптасқан басқару үлгілерін қайта қарап, жаңа талаптарға бейімделе алуы керек, ал қоғам ортақ шешімдерге жауапкершілікпен қарауға тиіс.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Ата заңның жаңа жобасын талқылады
Отырыста жаңа Конституция жобасының әзірлену барысы ашық форматта жүргені атап өтілді. Бұл үдеріске сарапшылармен қатар саяси партиялар, өңірлер мен азаматтық қоғам өкілдері тартылған. Мәжіліс депутаты, ЖСДП Саяси кеңесінің мүшесі Ажар Сағандықова ұсынылып отырған өзгерістердің адамға тікелей қатысы бар екенін айтты.
«Конституция туралы әңгімені бір ғана сұрақтан бастау керек. Ол – «адамға нақты не береді?» деген сұрақ. Кез келген реформа осы өлшеммен бағалануға тиіс», деді депутат.
Оның сөзінше, жаңа редакция азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған нақты тетіктерді күшейтеді.
Жаңа Конституция жобасын халыққа түсіндіру: Арандатушылар заң алдында жауап береді
Өңірлік филиалдардың өкілдері де реформаның мазмұнына тоқталды. Астана қалалық филиалының төрағасы Талғат Омаров жаңа Конституция ел дамуының ұзақмерзімді басымдықтарын айқындайтынын айтты.
«Жобада ғылым, білім, мәдениет және адами капиталды дамытуға басымдық берілген. Бұл – ұлттың болашағына салынған инвестиция», деді ол.
Атырау облыстық филиалының төрағасы Нұрайнаш Камалова конституциялық өзгерістер өңірлердің ұсыныстарымен қалыптасқанын атап өтті.
«Конституция қоғаммен бірге дамуы керек. Өңірлерден түскен ұсыныстар жүйеленіп, Конституциялық комиссияға жолданды», деді ол. Айтуынша, бір палаталы парламентке көшу және партиялық сайлау жүйесі саяси жауапкершілікті арттырады.
Алматы облыстық филиалының төрағасы Нұрым Нұрлыбеков Конституция нормаларының өңірлердегі өмірмен қалай ұштасатыны маңызды екенін айтты.
«Бұл талқылау тек институттар туралы емес. Әңгіме нақты қала мен ауылдағы адам үшін мемлекеттің қандай болатыны жайлы», деді ол. Оның сөзінше, әлеуметтік және еңбек мәселелері өңірлерде айқын сезіледі.
Жиынды қорытындылаған ЖСДП орталық аппаратының басшысы Мақсұт Насибулов партия жаңа Конституция жобасына жан-жақты талдау жүргізгенін айтты.
«Жаңа Конституция жобасы ЖСДП ұсынған бірқатар қағидатты бастамаларды қамтиды. Олардың қатарында бір палаталы парламентке көшу, парламенттің бюджеттік өкілеттіктерін кеңейту, сайлау жүйесіндегі артық шектеулерді азайту, саяси әралуандық пен бейбіт жиналыстар құқығы бар», деді ол.
Соңғы жаңалықтар
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Ата заңның жаңа жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:54
Астана халқы бір жылда 100 мыңнан астам адамға көбейді: Өңірлердегі ахуал қандай?
Қазақстан • Бүгін, 17:42
«Ауыл» фракциясының депутаттары Ата заң жобасын бірауыздан қолдады
Ата заң • Бүгін, 17:39
Әсет Ерғалиев Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:30
Сақтандыру полисін қалай дұрыс таңдауға болады?
Қоғам • Бүгін, 17:22
Кендірліде жаңа әуежай бой көтереді: Жоспарлау аумағы үш есе кеңейді
Аймақтар • Бүгін, 17:10
Әйелдер құрамасы: Ла-Нунсиядағы турнирге кімдер қатысады?
Спорт • Бүгін, 17:02
Қоқысқа толған ғарышты кім тазартпақ?
Экология • Бүгін, 16:55
Ақтау әуежайының ұшу-қону жолағына жергілікті асфальтбетон төселді
Аймақтар • Бүгін, 16:48
Алаяқтардың құрығынан қорғау: 10 халықаралық call-орталық жойылды
Қоғам • Бүгін, 16:31
Италиядағы ақ Олимпиада: Спортшылардың жарыс кестесі жарияланды
Спорт • Бүгін, 16:10
Қаңтардағы ҰБТ: 244 адам тестілеуден босатылды
Қоғам • Бүгін, 16:08
Шерхан Мұртазаның 6 мың қолжазбасы цифрланды
Архив • Бүгін, 15:58
Ұлттық қордан 10 жыл ішінде жұмсалмаған қаржы зейнетақы шотына аударылады
Қоғам • Бүгін, 15:48
Күніне 18,5 млн доллар: Ұлттық қордан қанша валюта сатылды?
Қоғам • Бүгін, 15:33