АШМ Ресейден ет тасымалдауға неліктен шектеу енгізілгенін түсіндірді

24.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

— Ресей Федерациясының шекаралас аймақтарына қатысты енгізілген шектеулерге тоқталсақ, бұл шешім Қазақстан аумағына аурулардың таралуын болдырмау үшін қабылданды. Жалпы, көршілес елдердегі эпизоотиялық жағдайды үнемі бақылап отырамыз. Қазіргі уақытта Қазақстандағы эпизоотиялық жағдай тұрақты, — деді Қазбек Ташимов Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, шектеулер пастереллездің таралуы қауіпіне байланысты енгізілді.

— Ресей Федерациясында пастереллез анықталғаннан кейін, осындай шектеу енгізу туралы шешім қабылданды, деп нақтылады комитет басшысы.

Осы орайда ол көрші елдегі өнімдердің қауіпсіз екені расталғаннан кейін шектеулер жойылатынын айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров сиыр етін елден заңсыз экспорттау мүмкіндігіне қатысты пікір айтты.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью