Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Бұл сында Қазақстан құрамасының намысын Мария Федотова мен Дарья Пушко қорғады.
ҚР ҰОК мәліметінше, команда ішіндегі ең үздік нәтижені Мария Федотова көрсетті. Ол қашықтықты 1:04:15.4 уақытта бағындырып, алтыншы орынға тұрақтады. Ал Дарья Пушко 1:06:43.9 уақыт нәтижесімен оныншы орында мәреге жетті.
Алтын медальді қытайлық Синь Сюань Ли жеңіп алды - 1:01:33.6. Күміс жүлде оның отандасы Ицзин Ченьге бұйырды - 1:01:43.2. Үздік үштікті вьетнамдық Тьен Май Тхи Во түйіндеді - 1:01:57.7.
Айта кетейік, жарысқа барлығы 17 спортшы қатысты.
Қазақстан әйелдер құрамасы су добынан Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарында күміс жүлде алды.
Қазақстан әйелдер құрамасының жағажай волейболшылары Екатерина Рюхова мен Кристина Каримова Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарында кезекті жеңісіне қол жеткізді.