Әскер тарихындағы ерекше оқиға: Шымкентте бір бөлімде 12 сыныптас сарбаз борышын өтеп жүр

14.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Сарбаздар — Алматы облысы, Жамбыл ауданына қарасты Үмбетәлі Кәрібаев атындағы орта мектептің түлектері. Кеше ғана бір партада отырып, білім алған сыныптастар бүгінде Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының Шымкент қаласында орналасқан 6506 әскери бөлімінде бір саптан табылған.

— Мен әскерге жалғыз келген жоқпын. Біз 12 сыныптас болып отан қорғаушылар қатарын толықтырдық. Мектеп кезінен бастап біздің бойымызда әскерге деген қызығушылық болды. Өзара келісіп, отан алдындағы азаматтық борышымызды Ұлттық ұлан сапында бірге өтейміз деп шештік, — дейді қатардағы жауынгер Расул Саутов.

Фото: Ұлттық ұлан

Ұлттық ұлан баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі таңда жас сарбаздар оқу бөлімінде бастапқы әскери дайындықтан өтіп, әскери қызметтің қыр-сырын меңгеріп жүр. Бөлім командирлері сыныптастардың ұйымшылдығы мен өзара қолдауына тәнті екен. 

— Біз Отанымызды қорғау үшін бірге тұрғанымызды мақтан етеміз. Мұнда біз бір-бірімізді мектептегідей қолдаймыз. Осындай бірлік әскери өмірге тез бейімделуге көмектеседі, — дейді қатардағы жауынгер Марат Бейбарыс.

Айта кетейік, бұған дейін елімізде әскери мәзірде рацион жаңартылып, тамақтың құны мен калориясы артқаны туралы жазған едік.

Аружан Арманқызы

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью