Әскерде жағы сынған сарбаз толық айыға ма ДСМ жауабы

26.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Аталған министрлікке Отардағы әскери бөлімде жағы сынған сарбаз Есбол Қапардың жарақаты және емделу барысы жөнінде сауал жолдаған едік.

— «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 273-бабына сәйкес, пациент туралы мәлімет медициналық қызметкер сақтауы тиіс құпияға жатады және бұл құпия заңмен қорғалады, — делінген ресми жауапта.

ҚР ДСМ дәл Есбол Қапарға қатысты пікір білдірмесе де, жақ сынудың салдары қандай болатыны жөнінде жалпылама мәлімет берді.

Адамның жағы сынған соң, зақымдану дәрежесіне байланысты тістеу қабілетінің бұзылуы, ауызды ашудың шектелуі, тамақ жеудің қиындауы, иек пен төменгі ерін аймағында сезімталдықтың уақытша бұзылуы тәрізді зардаптары байқалуы мүмкін. Сондай-ақ, бет сүйегінің сынуы мен мидың шайқалуы қатар болуы ықтимал.

— Жақ сынып, ота жасатқаннан кейін науқас жақ сүйек-бет хирургінің бақылауында болуы керек. Ауыз қуысына салынған шинаны түзету, ауыз қуысының гигиенасын сақтау аса маңызды. Қалпына келу мерзімі орта есеппен 2 айға дейін созылады, — делінген ресми хабарламада.

Сонымен бірге, тиісті ем-домды уақытылы қабылдаған жағдайда төменгі жақ сүйегінің сүйектері толықтай айығып, қалпына келеді.

Еске салайық, бұған дейін оқиғаның мән жайын толық жазғанбыз. Зардап шеккен сарбаздың туыстары таратқан ақпаратқа сай, оны сержант темірмен ұрып, жағын сындырған. Алайда сержанттың өзі мұны жоққа шығарып, жарақат алған сарбаз өзі секілді қатардағы жауынгермен төбелескенін айтқан еді.

Ал ҚР Қарулы Күштері әскери полициясы бас басқармасы әскери қызметшіге қатысты күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген болатын.

Сонымен қатар, бұған дейін Отардағы әскери бөлімде жағы сынған сарбаздың жағдайы туралы жазған едік.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Отарда жағы сынған сарбазға қатысты пікір білдірді.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі осы оқиғаға байланысты үш командир мен орынбасары қызметінен босатылғанын мәлім етті.

Ал күдікті ретінде жәбірленушінің борыштасы айыпталып, үстінен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған едік.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью