Әскердегі әлімжеттік: Отарда соққыға жығылған сарбаздың қазіргі жағдайы қалай?

18.02.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Гвардейск гарнизонында орналасқан әскери бөлімдердің бірінде әскери қызметші Ербол Қапарға күш қолданылып, сарбаз жақ сүйегінен жарақат алған. Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі сарбаздың Алматы қаласындағы Әскери-клиникалық госпиталінде оңалту курсынан өтіп жатқанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz

Фото: Қорғаныс министрлігі

Министрлік мәліметінше, мерзімді әскери қызметшілер арасында жанжал болып, салдарынан сарбаз Ербол Қапардың жағы сынған. Бүгінде зардап шеккен сарбаз ауруханаға жатқызылып, оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Жауынгердің денсаулық жағдайын әскери дәрігерлер бақылап отыр.

Әскери-клиникалық госпитальдің жақсүйек-бет хирургиясы бөлімшесінің бастығы, медицина қызметінің подполковнигі Владислав Мусатов жауынгердің жағдайы жақсарғанын жеткізді.

«Госпитальге жеткізілген сәтте оның жағдайы салыстырмалы түрде қанағаттанарлық деп бағаланды. Сарбаз тиянақты емдеу курсынан өтіп жатыр. Қазір халі жақсарғаны байқалады. Психологиялық жағдайы да тұрақты, шайнау және ауыз ашу функциялары да жақсарып келеді. Жақында бекітуші шиналары алынады. Әскери қызметші физиотерапия, дәрумендік терапия, жалпы нығайтушы ем және емдік дене шынықтыру сабақтарынан өтіп жатыр. Алдағы уақытта гипербариялық оксигенация сеанстары жоспарланған. Оңалту кезеңі аяқталған соң, әскери-дәрігерлік комиссиядан өтеді», деді Владислав Мусатов.

Ақтауда мерзімді әскери қызметші қаза тапты

Дәрігердің айтуынша, сарбаз бір ай ішінде ауруханадан шығарылады. Толық сауығуы үшін оған сырқатына байланысты демалыс беріледі. Жазылған соң өз әскери бөлімінде қызметін жалғастырады.

27 қаңтар күні аталған дерек бойынша Гвардейск гарнизонының әскери полициясы тарапынан қылмыстық іс қозғалған.

«Материалдар Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Барлық қатысы бар адамдардың, оған қоса оқиғаның жай-жапсарын жоғары қолбасшылыққа уақтылы баяндамаған және медициналық көмекті ұйымдастыруда олқылық жіберген әскери бөлімнің лауазымды адамдарының әрекеттеріне жан-жақты құқықтық баға беріледі. Тергеу шаралары кезеңінде бірқатар лауазымды адамдар қызметтік міндеттерін атқарудан шеттетілді. Тергеу қорытындысы бойынша кінәлілер заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады», делінген министрлік мәлімдемесінде.

Сарбаздардың өлімі: Лауазымды тұлғалар қызметінен босатылды

Сондай-ақ оқиғаның тергелу барысы Қарулы күштер басшылығының жіті бақылауына алынған. Ведомство тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайтынын хабарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Санаэ Такаичиді Жапонияның Премьер-министрі лауазымына қайта сайлануымен құттықтады

Президент • Бүгін, 13:08

Қазақстанда құмар ойынын ұйымдастырған күдікті Грузиядан экстрадицияланды

Қоғам • Бүгін, 13:00

Енді eGov Mobile қосымшасы арқылы тауардың түпнұсқалығын тексеруге болады

Қоғам • Бүгін, 12:52

Қоғамдық кеңес мүшелері жаңа Конституция жобасын талқылайды

Ата заң • Бүгін, 12:40

Токио конвенциясы: Қазақстан жоғары білім саласындағы өңірлік әріптестікті күшейтті

Ғылым • Бүгін, 12:32

Елімізде бал экспорты 2,5 есе артты: Шетелге 1477 тонна өнім жөнелтілді

Экономика • Бүгін, 12:27

Атырау облысында бес жылда 331 мың көшет егілген

Аймақтар • Бүгін, 12:15

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа жұмыс сапарымен барады

Президент • Бүгін, 12:08

«Буде-Глимт» және «Интер» ойынын қайдан көруге болады?

Футбол • Бүгін, 11:55

Бірқатар мемлекеттік мекемеде штат саны қысқарады

Қоғам • Бүгін, 11:47

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жақсылық Омарға қатысты тергеуді растады

Қоғам • Бүгін, 11:34

Түркістан облысында газобетон өндіретін кәсіпорын іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 11:25

Елімізде зейнетақының орташа мөлшері қанша теңге?

Қоғам • Бүгін, 11:11

Алғашқы тарауық намазы қашан оқылады?

Дін • Бүгін, 11:08

Енді Шу мен Отар арасында электрпойызы қатынайды

Қоғам • Бүгін, 10:51

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью