Әскердегі қауіпсіздік үшін бақылау күшейтілді

30.01.2026

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілердің қазасынан кейін шұғыл шаралар қабылдағанын хабарлады.

Енді бөлімдерде, тәртіп пен қауіпсіздік ережелерін қатаң қадағалау күшейтілді. Біздің түсірілім тобымыз елордадағы әскери бөлімнің біріне барып, нақты қандай жұмыс жүріп жатқанын көріп келді. 

Әскери қызметшілердің қауіпсіздігі үшін бақылау күшейтілген. Көріп тұрғандарыңыздай бұрыш-бұрыштарда бейне бақылау камера тұр. Мәселен, бір бөлімшенің өзінде 150 ге жуық камера бар. Ал әскердегі әлімжеттіктің алдын алу үшін әскери полиция қызметкерлері күнделікті профилкатикалық жұмыс жүргізеді. Онда жауынгерлерге құқықтық тәрбие беріледі.

Мерей Әбдіғалымның отан алдындағы парызын 68665 әскери бөлімінде өтеп жүргеніне 4 ай. Иә, төрт ай аз уақыт емес. Осы уақыт ішінде ол әскери тәртіптің темірдей қатал екенін түсінген. Мұнда қауіпсіздік пен сарбаз құқығы - бірінші орында, - дейді жас жауынгер. Егер қандай да бір әлімжеттікке тап болса, арнайы сенім телефоны барын айтады.

Мерей Әбдіғалым, қатардағы сарбаз:

- Сенім жәшігі деген болады. Әр сарбаз өзінің сұрақтарын немесе болып жатқан жағдайларын сол жерге айтса болады немесе әрбір сержантқа, офицерге жақындаса да көмектесе алады. Бізбен әрдайым психологиялық тренингтар өтеді. Мысалы, модульдік асхана деген болады. Ол жерде әрдайым психологиялық тесттер өтеді.

Қазір ата-ана әскердегі ұлымен байланысу үшін күн санап отырмайды. Жауынгерлерге апта сайын үй ішімен телефон арқылы тілдесуге мүмкіндік бар.

Айгуль Бейсенова, Мерейдің анасы:

- Баламмен байланыс орнату кезінде менде ешқандай қиындық туындап жатқан жоқ. Баламыз апта сайын, сенбі-жексенбі хабарласып тұрады. Бізде «ватсап» чат бар, сонда да хабарларын біліп отырамыз.

Сарбаз әскер қатарына алғаш келген сәттен бастап өз құқықтарымен толық танысады. Осылайша, оған заңмен қорғалатыны түсіндіріледі.

Мұхит Қарабаев, 68665 әскери бөлім командирінің Тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подполковник:

- Әр айда 10 күндік декада болады. Сол декада бойынша барлық жеке құрамға Қазақстан Республикасының қылмыстық кодекстері жеткізіледі. Ұдайы жеткізіледі. Одан бөлек ботолен командирлері, ботолен командирлерінің тәрбие жөніндегі орынбасарлары арқылы Қылмыстық кодестің арнайы баптары бар. 18 тарау бар әскери қызметшілерге арналған сол ұдайы жеткізіліп отырады. Вдомствоға қол қою арқылы.

Елдің басты әскери психологы Арман Қалышевтің айтуынша, сарбаздарды толық психологиялық тексеру үшін әскери бөлімдерге комиссия жіберілді. Арнайы топ құрамында психолог, дәрігер, қару-жарақ пен әскери қызметті ұйымдастырушы мамандар бар.

Арман Қалышев, Қорғаныс министрлігі Психологиялық жұмыс басқармасының бастығы:

- Олар келіп психологиялық тестілу, яғни мерзімді әскери қызметшілер арасында депрессивті жағдайда жүрген, кризистік жағдайда жүрген әскери қызметшілер бар ма, жоқ па, соны анықтау. Оларды бақылауға алу, олармен кешенді жұмысты әрі қарай жалғастыру. Қару-жарақпен жұмыс істеуді күшейту, оған қойылатын талаптарды тексеріп, бір сыпыра қарап нығайту. Әскери қызмет саласында тәуліктік нарядтта әскери қызмет талаптарын тексеріп қарау болып табылады.

Әскери бөлімдерде жаңа формат – психологиялық подкаст енгізіледі. Сарбаздар шағын топта өз ойларын ашық айтып, мәселелерін бірге шешуге мүмкіндік алады. Сарбаздардың бұл ұсынысы министрлік тарапынан қолдау тапқан.

Авторлары: Асылжан Құрманғали, Ғалымжан Абдылахат

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью