Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Іріктеу «Сарбаз 2.0» цифрлық жүйесі арқылы жүргізілді. Нәтижесінде 2026 жылғы сәуірде запасқа шығарылған 1000-нан астам қазақстандық жоғары оқу орындарында тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды.
2023 жылы іске қосылып, заңнамалық тұрғыда бекітілген жоба ЖОО-ға ҰБТ тапсырмай, әңгімелесу нәтижесі бойынша түсуге мүмкіндік береді. Жауынгерлік даярлықта үздік нәтиже көрсеткендер жатақханамен және стипендиямен қамтамасыз етіледі.
Гранттардың бөлінуі:
▪️ Қорғаныс министрлігі — 492
▪️ Ұлттық ұлан — 493
▪️ ҰҚК Шекара қызметі — 112
▪️ ТЖМ — 28
▪️ Мемлекеттік күзет қызметі — 29
«Сарбаз 2.0» — жастар үшін білім алуға және кәсіби дамуға жол ашатын тиімді әлеуметтік мүмкіндік.
Мемлекеттік білім беру гранттары иегерлерінің тізімі мына сілтеме арқылы өтіп біле аласызда.