Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
АСТАНА, 29 қаңтар – Sputnik. Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков әскерге күштеп әкету тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде әскерге шақырылатын жастарға алдымен SMS-пен шақырту жіберіледі.
"SMS үш рет жіберіледі. Келмейтін болса, мәжбүрлі түрде алып кетеді. Онымен қарулы күштердің мамандары емес, ішкі істер органдары мен әкімдіктің инспекторлары айналысады. Біз емес", - деді Мұстабеков сенатта өткен брифингте.
Оның айтуынша, бүгінде мыңдаған адам әскерге өз еркімен келеді. Ал әлеуметтік желіде тек бірлі-жарым жағдайлардың видеосы таралады.
"Былтыр 40 мыңнан астам адам әскерге шақырылған болатын. Олар әскери басқару органдарына өз еркімен, өз аяғымен келді және конституциялық борышын атқаруға аттанды. Бірақ бірлі-жарым жағдайлар бар. Олар өзінің жауапкершілігінен қашып жүрген жігіттер", - деді Мұстабеков.