Әскери бөлімде тұсаукесер дәстүрі өтті

16.03.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Тағылымға толы іс-шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, әскери қызметшілер мен олардың отбасылары арасында салт-дәстүрлерді кеңінен насихаттау болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Салтанатты рәсім барысында бүлдіршіннің тұсауын әскери бөлім командирі полковник Рауан Сарсенгалиевич Омаров кесіп, балаға ақ жол, жарқын болашақ тіледі. Тұсаукесер – қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлерінің бірі. Бұл рәсім арқылы балаға өмір жолы ашық, қадамы нық, болашағы жарқын болсын деген ақ тілектер айтылады.

Аталған мәдени іс-шара әскери бөлімнің Аналар кеңесі мен Сарбаздар аналарының кеңесімен бірлесе ұйымдастырылды. Шара барысында қатысушылар қазақ халқының тәрбиелік мәні зор салт-дәстүрлері туралы айтып, ұлттық құндылықтардың маңызына тоқталды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай тағылымды шаралар әскери қызметшілер арасында бірлік пен ынтымақты нығайтып қана қоймай, жас ұрпаққа ұлттық тәрбиені насихаттауға үлкен үлес қосады.

Іс-шара соңында қатысушылар балаға ақ баталарын беріп, ізгі тілектерін білдірді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью