Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Кейінгі жылдары ұшқышсыз авиация саласы қарқынды дамып, әскери қауіпсіздіктен бастап азаматтық, ғылыми және экономикалық бағыттарға дейін кең қолданысқа еніп отыр. Ұшқышсыз ұшу аппараттары (ҰҰА) адам өміріне төнетін қауіп-қатерді азайтып қана қоймай, уақыт пен қаржыны үнемдеуге, күрделі міндеттерді жоғары дәлдікпен орындауға мүмкіндік беретін тиімді құрал ретінде танылды. Ал әлемде болып жатқан түрлі қарулы қақтығыстарда олардың әлеуеті қандай екені – бәрімізге жақсы таныс.
Осы орайда елімізде де армияны барлаушы әрі соққы беруші дрондармен әрі оның тілін білетін мамандармен жасақтау – уақыт талабы. Ол үшін түрлі іс-шара өткізіліп, тиімді шешімдер қабылданып жатыр. Сондай іс-шараның бірі – Ұлттық қорғаныс университеті (ҰҚУ) Әскери-зерттеу институтының базасында өткен Құрлық әскерлері ұшқышсыз авиациялық жүйелері операторларының біліктілігін арттыруға арналған апталық курс.
Мұнда сарбаздарға арналған сабақтарды ұшқышсыз авиация саласында он жылдан аса жұмыс тәжірибесі бар оқытушылар мен нұсқаушылар жүргізді. Курс барысында қазіргі жағдайда сұранысқа ие тәжірибелік дайындыққа негізгі басымдық берілгенін айта кету керек.
Әскери қызметшілер «Торғай-10» құрылғысын ұшқышсыз ұшу аппаратына бөлшектеп жинау дағдыларын меңгерді. Сонымен қатар тактикалық-техникалық сипаттамаларын зерделеп, қауіпсіздік шаралары мен әртүрлі жағдайда қолдану ерекшеліктерін де үйренді. Бұған қоса Ұлттық қорғаныс университетінің ғылыми қызметкерлері әзірлеген «Ара» дрондарын қолданудың тәжірибелік сабақтары жүргізілді.
Жеке оқу модулі FPV-дрондарға арналған. Бұл сабақта тыңдаушылар оларды құрастыру, бағдарламалау, диагностикалау мен ақауларын жоюды меңгеріп шықты.
«Біз қолданбалы дағдыларға басымдық береміз. Мақсатымыз – алған білімдерін өз бөлімшелерінде тарата алатын мамандарды даярлау», деп атап өтті ҰҚУ Қару-жарақ және әскери техника ғылыми зерттеу институты зерттеу қызметінің бастығы, полковник Жарқын Қабдолда.
Ұшқышсыз авиациялық жүйелерді қолдану жеке құрамның қауіпсіздігін арттырып, жауынгерлік тапсырмаларды орындаудың тиімділігін жоғарылатады, дәлдікті, жедел барлау мен қарсыласқа қашықтан әсер етуді қамтамасыз етеді.
«Ұшқышсыз ұшу аппараттары тактикалық басымдықтың негізгі элементіне айналды. Оларды қолдану формалары мен тәсілдерінің эволюциясы қазіргі заманғы ұрыс қимылдарының сипатына елеулі түрде әсер етеді», дейді институттың Зерттеу қызметінің бастығы, полковник Алексей Бойко.
Бүгінде ұшқышсыз жүйелерді басқару мамандарын даярлау – Қарулы күштердің басты міндетінің бірі. Оның жүзеге асырылуы жеке құрамның техникалық біліктілігінің өсуі мен ұшқышсыз технологияларды қолдану мүмкіндіктерінің кеңеюіне ықпал етеді.
Бұған дейін Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының базасында ҰҰА мамандарын даярлайтын әскери мектеп ашылған еді. Сондай-ақ Десанттық-шабуылдау әскерлерінде ұшқышсыз аппараттарды құрастыру, сынақтан өткізу мен бөлімшелерге беру жұмыстарының толық циклі жолға қойылды.
Соңғы жаңалықтар
Михаил Шайдоров – Олимпиада чемпионы!
Олимпиада • Бүгін, 03:06
Қазақстан Азия чемпионатында тағы бір алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Кеше
Қарағандыда есірткі таратқан кәсіпкер сотталды
Есірткі • Кеше
Сәтбаев университетінде «Қаныш әлемі» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Ата заң • Кеше
Маңғыстауда елдегі екінші бірегей жедел жәрдем станциясы ашылды
Аймақтар • Кеше
Қар мен тұман: 14 ақпанда елімізде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Алматыда КИСИ GPS алаңында жаңа Конституцияның құндылықтық бағдарлалары талқыланды
Ата заң • Кеше
2026 жылғы Олимпиададағы биатлон: Владислав Киреев із кесу жарысына жолдама алды
Олимпиада • Кеше
Алматыда қанша жаңа медициналық мекеме бой көтереді?
Аймақтар • Кеше
Ғылыми қауымдастық «Халықтық Конституция үшін» коалициясын қолдады
Ата заң • Кеше
Қазақстан азаматтарына неліктен АҚШ визасы берілмейді?
Саясат • Кеше
Михаил Шайдоров жүлдеге таласады: Тікелей эфирді қайдан көруге болады?
Қысқы спорт • Кеше
Тағы бір өңірінде мұнай іздеу жұмыстары басталады
Аймақтар • Кеше
Vietjet Qazaqstan қазақтың дархан даласы бейнеленген ұшағын таныстырды
Қазақстан • Кеше