Әскери дронның тілін тапқан маман

24.02.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Cоңғы жылдары әскери салада ұшқышсыз ұшу аппаратын (дрон) басқару машығының маңызы айрықша артып келеді. Қашықтан барлау, ақпарат жинау, жауынгерлердің қауіпсіздігі мен тактикалық икемділік тұрғысынан дрондарды басқаруды үйрену стратегиялық мүмкіндіктерді де кеңейтеді. Заманауи шешімдерді шебер меңгеру мен тәжірибе толыстыру мақсатында 19-20 ақпан күндері елордада әскерилер арасында AITU KazRoboDrone 3.0 халықаралық дрон-рейсинг және авиамодельдеу жарысы ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.

Фото: gov.kz

Astana IT University базасында өткен әскерилер бәсекесінде өңірлер мен шетелден жеткен 120-дан астам қатысушы бас қосып, олардың ішінде 20-сы дрон додасында шеберлік байқасты. Олар өздері басқаратын құрылғыны трассадан өту жылдамдығы, маневр жасау дәлдігі мен ұшу шеберлігі талаптары бойынша сынап көрді.

Халықаралық жарыста ел намысын қорғағандар арасында Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланның «Burkit Team» спорт командасының мүшесі Бекзат та бар. «SABR» лақап атын иеленген әскери қызметші беделі биік бәсекеде ел әскери жүйесінде FPV дронды басқару дәлдігі терең игеріліп жатқанын дәлелдеп, жүлделі үшінші орынды иеленді. Жүлдегер бізге жарысқа қалай дайындалғанын айтып берді.

«Бұл жарысқа дайындық қысқа мерзімде өтті. Өзім осы FPV дрондарын басқару дағдымды ASHYQ ASPAN FOUNDATION ғылыми қорында басшылықтың қолдауымен 2 апталық курста шыңдай түстім. Араға бір ай салып алғашқы жарысыма қатысып, жүлделі орынды иелендім. Асылында, видеографтардың дронын басқару оңай. Ал арнайы мақсаттағы дрондар біршама ептілік пен ізденуді қажет етеді. Жарыс барысында тізгіндеген FPV дрондарын 1 жарым ай көлемінде ырқыма көндірдім», дейді «Burkit Team» спорт командасының мүшесі.

Арнайы жасақ жауынгері: Қазақстан әскери құрылымының дайындығы жоғары деңгейде екенін дәлелдедік

Саладағы жаңашылдықтарға тез дағдыланған маман дрон тілін табу үшін ең алдымен, қызығушылық пен талмай іздену қажет екенін тілге тиек етіп, жарыс барысындағы тәуекелді тұстарды да атап өтті. 

«Жарыс жолында арнайы орнатылған түрлі кедергілердің дәл ішінен жылдам, соқтықпай өту керек әрі дрон жылдамдығы уақыт көрсеткіші бойынша тіркеліп отырады. Жарыс барысында түрлі қиындықтар мен кедергілер кездеседі. Нақты айтсам дрон мен көзілдіріктің байланысы үзіліп, бейне көрінбей кетуі мүмкін және кедергілерден өту кезінде бұрылыстардың жақын болуы да ыңғайсыздық тудырды. Десе де мұндай мәселелерді еңсеріп, жүлдегерлер қатарынан табылғаныма қуаныштымын», деді ол.

Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?

Сондай-ақ «Burkit Team» спорт командасының мүшесі бүгінде FPV дрондарын құрастыруды үйреніп жүргенін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

Қантқа тәуелділік: Тәттіден бас тартқанда ағзада қандай өзгерістер болады?

Өнім • Бүгін, 16:15

Қазақша контент неге трендке сирек шығады: Мәселе тілде ме, форматта ма? 

Қоғам • Бүгін, 16:01

Манас қаласының аты ауыспайды

Әлем • Бүгін, 15:52

Ақтөбедегі «ақылды» өткел: NAZAR технологиясы жаяу жүргіншілерді қалай қорғайды?

Қоғам • Бүгін, 15:45

TikTok дәуіріндегі журналистика: Қысқа видео қоғамға не беріп жатыр?

Технология • Бүгін, 15:41

Еліміздің оңтүстігінде өрік гүлдеді

Ауа райы • Бүгін, 15:30

АҚШ өзге ғаламшарлықтар туралы құпия құжаттарды жариялауы мүмкін

Әлем • Бүгін, 15:24

Нью-Йорк қалың қардың құрсауында қалды

Әлем • Бүгін, 15:13

2 наурыздан бастап «Отбасы банк» үй кезегіндегілерге арналған талаптарды өзгертеді

Қоғам • Бүгін, 15:07

Мемлекет басшысы Эстония Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Президент • Бүгін, 15:05

Жазушылар мен өнер иелері жаңа Конституция жобасын қолдады

Ата заң • Бүгін, 14:57

Милан-Кортина Олимпиадасына қатысқан отандастарымыз елге оралды

Қысқы спорт • Бүгін, 14:39

Алматыда халықаралық деңгейдегі тау-шаңғы курорты іске қосылмақ

Олимпиада • Бүгін, 14:32

Оқушылар наурызда 11 күн демалады

Білім • Бүгін, 14:20

Маңғыстау облыстық кітапханасының ұжымы жаңа Конституцияға қолдау білдірді

Аймақтар • Бүгін, 14:03

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью