Әскери музыканттар Дохада сәтті өнер көрсетті

24.12.2025

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери музыканттары Катар астанасы Дохада өткен І Халықаралық әскери музыка және марштар фестивалінде сәтті өнер көрсетті. 

Фестивальге Ұлыбритания, Йордания, Ирландия, АҚШ, Оман, Түркия шығармашылық ұжымдары және Катардың элиталық әскери-музыкалық оркестрі қатысты. Ұлттық әскери-патриоттық орталығының әртістері және Қорғаныс министрлігінің Құрмет қарауыл ротасының әскери қызметкерлері репертуар мен ұлттық нақышқа ерекше мән берді. Бағдарламада Нұрғиса Тілендиевтің, Темірхан Қожабековтің, Бақытжан Желдербаевтың шығармаларын орындады. Жеңімпаздарды әскери аэродромда әріптестері қарсы алды. 

Мақсат Шәкенов, ҚР ҚК ҰӘПО орталық әскери оркестрінің бастығы:

- Қазақстаннан барған делегация өте жоғары деңгейде өнер көрсетті. Халықаралық аренада Қазақстанның беделін тағы да көрсеттік. Қазақстанды дәлелдедік. Ол жерде біз тек қазақ елінің музыкасын ғана ойнап қоймай, қазақтың ұлттық аспаптарын көрсеттік. Бұл фестивальге жеті мемлекет қатысты.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью