Әскери қызметші республикалық ақындар айтысында бас жүлдеге ие болды

13.07.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшісі республикалық ақындар айтысында бас жүлдеге ие болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ұлттық өнерді ұлықтаған айтулы додаға еліміздің әр өңірінен келген ақындар қатысып, суырып салма шеберліктерін көрсетті.

Айтыс қорытындысы бойынша Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшісі кіші сержант Фариза Жетпісбай бас жүлдені жеңіп алды.

Фариза Жетпісбай жыр додасында Кәрім жыраудың елдік мұрасын бүгінгі заманмен сабақтастырып, Отан қорғау, әскери қызметтің абыройы, ел қауіпсіздігі және патриотизм тақырыптарын әсерлі жырлады. Оның шығармашылығында әскери борыш пен ұлттық рух үндесіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Қазылар алқасы әскери қызметшінің айтыстағы шеберлігін, ой тереңдігін және елдік мәселелерді жыр арқылы жеткізу қабілетін жоғары бағалады.

Айтыс нәтижесінде І орынды Нұрасыл Иса, ІІ орынды Батыржан Кәдірбай, ІІІ орынды Ернұр Исахаев иеленді.

Мерейтойлық шара аясында ақындар Кәрім жыраудың шығармашылық мұрасын насихаттап, ұлттық құндылықтар, ел бірлігі, туған жерге деген сүйіспеншілік және ұрпақ сабақтастығы тақырыптарын кеңінен толғады.

Кәрім жыраудың 100 жылдығына арналған жыр додасы қазақтың айтыс өнерін дәріптеп, ұлттық рухты нығайтуға бағытталған маңызды мәдени шара ретінде есте қалды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью